Колледж 2016 жылдың 1 тамызында ашылды. Колледж М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Қаратау қаласындағы Жалпы білім беру пәндері факультетінің базасында құрылған.
Колледж миссиясы – кәсіби жоғары және әлеуметтік табысты тұлға қалыптастыру, сапалы білім қызметін ұсыну мен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандардың дайындық деңгейін арттыру.
Колледждің мақсаты – оқу-тәрбие процестерін жетілдіру, оқу түрін, мерзімін, мазмұнын таңдауда зор мүмкіндіктер жасай отырып, қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы білім алудағы сұранысын қанағаттандыру.
Колледждің басты міндеті – мамандарды даярлау сапасын жетілдіру және түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Колледж өз қызметінде Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігінің нормативті-құқықтық және нұсқаушылық құжаттарын және колледж Ережесін басшылыққа алады.
Колледжде оқу жұмыстарын жүргізуге келесі материалдық-техникалық база пайдаланылуда: оқу корпусы, жабық спорт кешені және жатақхана. Сонымен қатар колледжде 50 орындық асхана, медициналық кабинет, 20 компьютермен және интерактивтік тақтамен жабдықталған, интернет желісіне қосылған 2 компьютерлік класс және 50 орындық оқу залы бар. Колледж оқу үрдісінде 25 оқу кабинетін, 4 зертхананы және 2 шеберхананы пайдалануда.
Колледжде педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес және 2 циклдық әдістемелік комиссия жұмыс атқарады.
Қаратау тау-кен технологиялық колледжінде өткізілген аттестаттау қорытындысы туралы бұйрық
Қаратау тау-кен технологиялық колледжінің өзін-өзі бағалау ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімі
1. | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну |
2. | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру |
3. | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру |
4. | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру |
5. | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру |
6. | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау |
7. | Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау |
8. | Педагогтарға біліктілік санаттарын беру және растау рәсімінен өту үшін құжаттарды қабылдау |
9. | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру |
Білім беру бағдарламасының паспорты
Мамандық коды және атауы: | 07110100 Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша) |
Біліктілік/біліктіліктер коды және атауы: | 4S07110102 Техник-технолог (түрлері бойынша) |
ТжКОБКБ ұйымдары (әзірлеуші) : | М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, ҚАРАТАУ ТАУ-КЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ |
Әзірлеуші серіктестер: | «Казфосфат» ЖШС |
Білім беру бағдарламасының мақсаты: | техник-технолог маманын дайындау |
ҰБШ бойынша деңгейі: | Орта буын маманы |
СБШ бойынша деңгейі: | 4 |
Кәсіптік стандарт (бар болса): | Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары |
Оқыту түрі: | күндізгі |
Білім базасы: | негізгі орта білім базасында |
Оқыту тілі:: | қазақша |
Білім беру бағдарламасының әдістемелік кеңесте (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) қарау күні:: | 01.09.2021 |
Білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның нөмірі:: | KZ19LAA00018483 |
Білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшаның нөмірі:: | 040 |
Білім беру бағдарламасының ерекшеліктері:: | модульдік-кредиттік |