Оқуға қабылдау ережелері

М.Х.Дулати атындағы Тараз  университетінің Қаратау тау-кен технологиялық колледжі 2025-2026 оқу жылына 9 және 11 сынып базасында техникалық және кәсіптік білім берудің күндізгі және сырттай оқыту бөлімдеріне талапкерлер қабылдайды.

Оқуға қабылдау ережесі

Оқу орнына талапкерлердің өтініштері күндізгі бөлімге 20 маусымнан 18 тамызға дейін, ал сырттай бөлімге 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін қабылданады.

Оқуға түсу емтихандары (конкурс) күндізгі бөлімге 19-28 тамыз аралығында, ал сырттай бөлімге 20-25 қыркүйек аралығында өтеді.

Құжаттар колледжде немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы қабылданады.

Талапкерлер келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

— арнайы үлгідегі өтініш;

— 3х4 пішіндегі 6 дана сурет;

— 075/Е, 063 үлгідегі медициналық анықтамалар, флюрография суретімен;

— орта немесе негізгі мектепті бітіргені туралы құжат (аттестат).

— төлқұжат немесе жеке куәлік көшірмесі.

Мамандықтар атауы 
04130100Менеджмент (қолдану салалары бойынша)
06130100Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
07110100Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)
   
07130200Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)
07130700Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану(түрлері және салалары бойынша)
07140100Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)
07151100Машиналар мен жабдықтарды пайдалану (өнеркәсіп салалары бойынша)
07161300Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
07240300Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу
07240500Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)