Қаратау тау кен-технологиялық колледжінің студенттік парламенті – студенттік өзін-өзі басқарудың бірыңғай органы ретінде студенттік тіршілік әрекетінің маңызды мәселелерін шешуге, жастардың пайдалы бастамаларын қолдауға және әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған студенттердің ынталы дербес қоғамдық қызметінің формасы.
Студенттік Парламент бұл:
- жастар саясатын жүзеге асыру және оны толық іске асыру жөніндегі шараларды әзірлеу;
- студенттердің колледждің оқытушылар құрамымен және әкімшілігімен кері байланыс орнату;
- колледж студенттерінің корпоративтік мәдениетін қалыптастыру;
- жастардың қоғамдық маңызды бастамаларын жүзеге асыруға ықпал жасау;
- студенттердің мәдени демалысын ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, жастар білім беру форумдарына, конкурстарға, әлеуметтік мәні бар жобаларға, түрлі студенттік бірлестіктерге тікелей қатысу;
- жастар мәселелерін уақытында шешу үшін жастар саясатын жүзеге асыру бойынша колледждің қоғамдық ұйымдарының қызметін үйлестіру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және академиялық адалдық принциптерін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жүргізу.
Қаратау тау-кен технологиялық колледжінің студенттік парламенті туралы ЕРЕЖЕ
- Бұл ереже колледждің студенттік парламент мүшелерінің қалыптасу тәртібін, құрамын, міндеттерін және құқықтарын айқындайды.
- Қарату тау-кен технологиялық колледжінің студенттік парламенті, бұдан әрі Парламент деп аталатын, колледждің өзін-өзі басқару студенттік органы болып табылады.
- Парламент колледжде оқитын студенттердің өзін-өзі басқаруының қоғамдық органы ретінде құрылады, олардың құқықтарын қорғайды және өз міндеттерін орындауды бақылайды.
- Парламент өз қызметінде заңнамалық актілерді, колледждің жарғысын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Парламенттің мақсаттары мен міндеттері
2.1. Парламенттің мақсаты колледжде студенттік өзін-өзі басқарудың әртүрлі формаларын дамыту және өзара әрекеттесу, студенттердің ұйымдасуы.
2.2 Студенттер ұйымдастырушылық, басқарушылық және тәрбиешілік тәжірибесін алу үшін оларға жағдай жасау.
2.3 Студенттердің оқуға және демалуына арналған қолайлы жағдай жасауда колледж әкімшілігіне көмектесу.
2.4 Колледждегі клубтар, секциялар, үйірмелер жұмыстарын жандандыру.
- Парламент қызметтері
3.1. Парламенттің міндеттеріне сәйкес келесі қызметтерді жүзеге асырады:
3.2. Студенттік өмірдің барлық бағыттарын үйлестіру бойынша шараларды дайындайды, қабылдайды және жүзеге асырады.
3.3. Көрсетілген міндеттерге сәйкес басқа қызметтерді орындауды жүзеге асырады.
- Парламент қызметтерін қамтамасыз ету
4.1. Қызметтерін жүзеге асыру үшін Парламент басшылығының құқығы бар:
4.1.1. Жұмысқа студенттік ұйымдарды, колледждің жеке студенттерін тарту.
- Парламенттің басшылығы және ұйымдастырушылық құрылымы
5.1. Қызметті басқаруды Парламент Президенті іске асырады.
5.3. Парламент президенті колледждің студенттік жалпы жиналысы арқылы сайланады.
5.4. Парламент Президентінің бір орынбасары бар. Парламент құрамына колледждің барлық бөлімшелері топтарының өкілдері, сондай-ақ басқа да тұлғалар кіреді. Бөлім топтарының өкілдері топ студенттерінің жалпы жиналыстары арқылы сайланады.
- Парламент жұмысының тәртібі
6.1. Парламент жоспар бойынша жұмыс істейді. Жиналыстар айына кемінде бір рет өткізіледі. Жиналысқа Парламент мүшелері қатысуы міндетті.
6.2. Жиналысты Парламент президенті, ал ол болмаған жағдайда – орынбасары басқарады.
6.3. Парламенттің отырыстары ашық болады.
6.4. Парламент мәжілісінің шешімдерін жиналысқа қатысқандардың көпшілігі қабылдайды.
- Парламент мүшелерінің міндеттері
7.1. Парламенттің Президенті колледжде студенттік өзін-өзі басқаруды ұйымдастырады,
Парламенттің және колледждің жұмыс жоспарында көзделген шараларды ұйымдастырады, Парламент мүшелерін басқарады.
- Сайлау
8.1. Студенттік парламент президенті 1 жылға сайланады.
8.2. Сайлау ашық түрде өтеді.
8.3. Сайлауда дауыс беруге Қаратау тау-кен технологиялық колледж студенттері мен оқытушылары қатыса алады.
8.4. Қаратау тау-кен технологиялық колледжінің студенттік парламенті президентіне үміткерлер бірдей дауыс жинаған жағдайда қайтадан сайлау өткізіледі.
8.5. Студенттік парламентінің президентіне сайлау кезінде дауыс беру қорытындысы бойынша көп дауыс жинаған үміткер президент болып сайланады.