Колледж туралы

Колледж 2016 жылдың 1 тамызында ашылды. Колледж М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Қаратау қаласындағы Жалпы білім беру пәндері факультетінің базасында құрылған.

Колледж миссиясы – кәсіби жоғары және әлеуметтік табысты тұлға қалыптастыру, сапалы білім қызметін ұсыну мен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандардың дайындық деңгейін арттыру.

Колледждің мақсаты – оқу-тәрбие процестерін жетілдіру, оқу түрін, мерзімін, мазмұнын таңдауда зор мүмкіндіктер жасай отырып, қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы білім алудағы сұранысын қанағаттандыру.

Колледждің басты міндеті – мамандарды даярлау сапасын жетілдіру және түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Колледж өз қызметінде Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігінің нормативті-құқықтық және нұсқаушылық құжаттарын және колледж Ережесін басшылыққа алады.

Колледжде оқу жұмыстарын жүргізуге келесі материалдық-техникалық база пайдаланылуда: оқу корпусы, жабық спорт кешені және жатақхана. Сонымен қатар колледжде 50 орындық асхана, медициналық кабинет, 20 компьютермен және интерактивтік тақтамен жабдықталған, интернет желісіне қосылған 2 компьютерлік класс және 50 орындық оқу залы бар. Колледж оқу үрдісінде 25 оқу кабинетін, 4 зертхананы және 2 шеберхананы пайдалануда.

Колледжде педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес және 2 циклдық әдістемелік комиссия жұмыс атқарады.

Қаратау тау-кен технологиялық колледжінде өткізілген аттестаттау қорытындысы туралы бұйрық

Қаратау тау-кен технологиялық колледжінің өзін-өзі бағалау ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Бағалау парағы

Қаратау тау-кен технологиялық колледжінде өткізілген қайта мемлекеттік аттестаттау қорытындысы туралы бұйрық

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімі

1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру
5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау
7. Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау
8. Педагогтарға біліктілік санаттарын беру және растау рәсімінен өту үшін құжаттарды қабылдау
9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру

Білім беру бағдарламасының паспорты

Мамандық коды және атауы: 07110100 Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)
Біліктілік/біліктіліктер коды және атауы: 4S07110102 Техник-технолог (түрлері бойынша)
ТжКОБКБ ұйымдары (әзірлеуші) : М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, ҚАРАТАУ ТАУ-КЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Әзірлеуші серіктестер: «Казфосфат» ЖШС
Білім беру бағдарламасының мақсаты: техник-технолог маманын дайындау
ҰБШ бойынша деңгейі: Орта буын маманы
СБШ бойынша деңгейі: 4
Кәсіптік стандарт (бар болса): Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары
Оқыту түрі: күндізгі
Білім базасы: негізгі орта білім базасында
Оқыту тілі:: қазақша
Білім беру бағдарламасының әдістемелік кеңесте (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) қарау күні:: 01.09.2021
Білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның нөмірі:: KZ19LAA00018483
Білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшаның нөмірі:: 040
Білім беру бағдарламасының ерекшеліктері:: модульдік-кредиттік